Бәсекеге қабілеттілік жоғары деңгейді қажет етеді

23 ноября 2015 - Администратор
Бәсекеге қабілеттілік жоғары деңгейді қажет етеді
Бүкіләлемдік сапа күні – жыл сайын қараша айының екінші бейсенбісі күні аталып өтетін шара. Айтулы күннін басты мақсаты – өнім мен қызметтің жоғары деңгейлік маңызын көрсету, адамзат пен қоршаған орта үшін товардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, тұтынушылардың өтінім және сұранысын қамтамасыз ету. Себебі, сапа – товардың бәсекеге қабілетті болуының кепілі. Ал, сапалы товар – кез келген саланың және әр мекеменің жетістікке жетуінің алтын кілті. Сондықтан да, біздің елде де Мемлекет басшысының жарлығымен 2006 жылдан бастап, товар сапасын көтеру мақсатында жыл сайын «Алтын сапа» сыйлығы дәстүр бойынша өткізіліп келеді.
Бүкіләлемдік сапа күні қарсаңында  «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Жезқазған филиалында жергілікті кәсіпкерлердің бас қосқан дөңгелек столы болып өтті. «Сүт жағасы» ЖШС, «Нанөнімдері» АҚ, «Сарыарқа-нан» ЖШС, ЖК «Дәулетбаева», «Самади – 2030» ЖШС сияқты тағам өнімдерін өндірумен айналысатын ұйым басшыларымен болған кездесуде «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Жезқазған филиалының директоры Талғат Шынтуринов тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етіп отырған жергілікті кәсіпкерлерді бүкіләлемдік сапа күнімен құттықтады. Өз кезегінде кәсіпкерлер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге зор қолдау көрсетіліп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, кездесуге келген Жезқазған индустриялық-гуманитарлық колледжінің стандарттау, метрология және сертификаттау бөлімінде оқитын оқушылар аталған кәсіпорындарда іс-тәжірибеден өтуге ынталы екендіктерін білдірді. Ал, кәсіпкерлер болса, мұндай жастар кәсіпорынға қажет екендіктерін айта келе, жастарды іс-тәжірибеден өткізіп қана қоймай, қуана-қуана жұмысқа қабылдайтындарын да жеткізді.
Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлер тағам өндірісі кезінде тек отандық шикізаттарды ғана пайдаланатынын және бұл өнімдер сапасы жағынан жоғары екендігін айтты.
Дөңгелек стол соңында қалалық кәсіпкерлер ел экономикасына қосқан үлестері үшін кәсіпкерлерді Алғыс хаттармен марапатталды.
Рейтинг: 0 Голосов: 0 501 просмотр
Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!